Абай облысыТОП

Үржар ауданында ЖҚС мен жанар-жағармай қоры қандай?

Үржар ауданында барлығы 14 жанар май құю станциясы халыққа қызмет көрсетеді. Қабанбай ауылы Алакөл көлі жағалауындағы туристік маусымда көлік санының артуы (2500-ға жуық) және Қытай елімен шекаралық аймақта орналасқан Бақты ауылының көлік-логистикалық орталығынан күніне 120-ға жуық жүк көліктерінің шығуына байланысты АИ-92 маркалы бензиніне сұраныс жоғары.

Бақты мен Үржар ауылдарында және «Таскескен-Бахты» республикалық жол бойындағы 92 шақырымда “Petro Retail” және “Helios” ЖҚС қызмет атқарады, бұл желілерге жанармай көлемі аталған кәсіпорындардың Өскемен және Аягөз қалаларындағы мұнай сақтау қоймаларынан жеткізіліп отырады.
Бүгінгі таңда аудан бойынша жанар-жағармай қоры АИ / 92-82,6 тонна; АИ / 95-6,0 тонна; ДО – 92,5 тонна, ал жолда: АИ / 92-117,9 тонна; ДО-6,5 тоннаны құрайды.

1 тамыздағы жағдай бойынша облыстың жанар-жағармай құю бекеттеріндегі жанармай қоры:
«Таскескен-Бақты» жол бойындағы 92 км «Petro Retail» ЖҚС-да жанармай қоры: АИ/92- 12,4 тонна, ДО- 30,6 тонна, АИ /95 -2,0 тонна. Жолда тасымалданып келе жатқан қоры: АИ/92- 12,4 тонна мөлшерінде.
Үржар ауылында 3 ЖҚС және 1 сұйытылған газ станциясы қызмет атқарады. Бақты ауылында «Petro Retail» ЖҚС-ы жанармай қоры АИ/92- 4,2 тонна, ДО- 33,8 тонна, АИ /95 – 2,5 тонна құрайды.

Қабанбай ауылында 2 ЖҚС және сұйытылған газ жұмыс істейді, жанармай қоры: АИ/92- 7,3 тонна, жолда АИ/92- 47,4 тонна.

Туристерді жанаржағармай көлемімен қамтамасыз ету үшін ағымдағы жылдың 30 шілдесі күні Қабанбай ауылында «Alem Trans Oil» ЖШС сыйымдылығы 30 куб. литр жылжымалы модульдік ЖҚС іске қосылды.

Айта кетейік, өңірде жанар-жағармаймен қамтамасыз ету жұмыстары үздіксіз жүргізілуде.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button