2023 жылы көппәтерлі 38 тұрғын үйдің қасбеттерін бояу жоспарлануда. Сырлау жұмыстарына 4 мердігер атсалысуда, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Бүгінгі таңда Мәңгілік Ел, 10, Чайжүнісов 152, Мәңгілік Ел 49, 408 квартал 15 үй, 408 квартал 17 үй, 408 квартал 16 үй , Б.Момышұлы 6 мекен-жайлары бойынша 7 тұрғын үйде сырлау жұмыстары аяқталды. Семей қаласының бай тарихын және қазақ халқының белгілі тұлғаларын дәріптеу мақсатында 9 үйге муралдар салу жоспарлануда.
Тұрғындар жұмыстарға оң баға беруде. Олардың айтуынша, бұл қала көркін ашып, мәдениетімізді арттыруға мол мүмкіндік береді.
«Тұрғын үйлердің қасбеттерінде жүргізіліп жатқан сырлау жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Қалаға көрік беріп тұр. Түрлі түсті бояулар адамдың көңіл-күйін көтереді. Мен бұл бастаманы қолдаймын», – дейді қала тұрғыны Әсел Құсайынова.
Айта кетейік, тұрғын үйлердің қасбеттерін сырлауға жергілікті бюджеттен 198,2 млн теңге бөлінген.