Жамақаев көшесінің бойындағы қоғамдық кеңістікті қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Қазіргі таңда кеңістіктің Мәңгілік Ел көшесінен Қайым Мұхамедханов көшесіне дейінгі бөлігінде демонтаждау жұмыстары жүргізілді.
«Лениннің мүсіндері, орындықтар, урналар және бұрыңғы шағын сәулет нысандары алынып тасталынды. Балалар ойын алаңы, баскетбол және волейбол алаңдарын құру жоспарлануда. Сонымен қатар, орталық саябақтағы секілді үш деңгейлі колизей орнатуды жоспарлап отырмыз», – деді Семей қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің абаттандыру секторының меңгерушісі Ерасыл Шәкенов.
Сонымен бірге аллеяда жаңа жаттығу аймағы пайда болады. Аббаттандыру жұмыстарын 15 қыркүйекте аяқтау жоспарлануда.