Ядролық медицина және онкология орталығының қызметі бақылауға алынды

Абай облысы Денсаулық сақтау басқармасының «Ядролық медицина және онкология орталығы» ШЖҚ МКК қызметкерлерінің өтінішіне қатысты жағдай өңір әкімінің бақылауына алынды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Денсаулық сақтау басқармасына жетекшілік ететін облыс әкімінің орынбасары Шалқар Байбеков орталықта қалыптасқан жағдаймен танысу, сондай-ақ ведомствоаралық мониторингтік жұмыс тобының міндетін түсіндіру үшін ұжыммен кездесіп, қызметкерлерді толғандырған сұрақтарға тиісті жауап берді.
Айта кетсек, орталық ұжымы ішіндегі қалыптасқан жағдайды және осы кәсіпорынның қызметін жан-жақты және объективті зерделеу мақсатында облыс басшылығының тапсырмасына сәйкес ведомствоаралық мониторингтік жұмыс тобы құрылды, оның құрамына уәкілетті салалық мемлекеттік органдар кірді.
Осы мониторингтік топтың міндеті – жағдайды алдын ала зерделеу, сондай-ақ жүргізген арнайы бақылау жұмыстарының қорытындысы нәтижесінде қадағалау және уәкілетті мемлекеттік органдардың салалық тексерулер жүргізу жөнінде тиісті ұсыныстар береді.
Сонымен қатар, барлық тексеру іс-шараларының қорытындысы қолданыстағы заңнама аясында тексеру жүргізу және процессуалдық шараларды қабылдау үшін тиісті органдарға жолданатын болады.
Semeynews.kz