Абай облысыҚоғамТОП

Абай облысының қалалары мен аудандарының Достық үйлері алаңдарында Қазақстан халқы Ассамблеясы Медиация кабинеттерінің «Ашық есік күні» республикалық акциясы өтуде

Ұйымдастырушылар қоғамдық келісімді қамтамасыз ету үшін өңір тұрғындарының назарын құқықтық мәдениет пен медиация институтын дамытуға аударуға ниетті. Осылайша рухани-адамгершілік құндылықтарды, құқықтық мәдениетті және қоғамдағы толеранттылықты дамытуды арттырады. Іс – шараны «Қоғамдық келісім орталығы -облыстық Достық үйі» КМҚК ұйымдастыруда, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Акция аясында Бейбітшілік пен келісім идеяларын нығайтуға, қоғамдағы толеранттылық деңгейін арттыруға бағытталған іс-шаралар кешені өтеді. Медиация апталығы халықтың медиация рәсіміне деген қажеттілігін анықтауға көмектесетін онлайн сауалнамадан басталды. Бұдан әрі «Бірлік пен келісім – қоғамның әл-ауқатының кепілі» челленджі іске қосылады, оның шеңберінде Абай облысының қалалары мен аудандарының Достық үйлерінің әлеуметтік желілерінде қоғамдық бірлестіктер мен Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелерінің қатысуымен тақырыптық бейнероликтер жарияланады.

Сонымен қатар, Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелерінің, белгілі медиаторлар мен заңгерлердің, адам құқықтары жөніндегі уәкілдердің және басқа да мүдделі тұлғалардың қатысуымен медиативтік кездесулер өтеді. Кездесулер облыстың үш ауданында – Бородулиха, Бесқарағай, Жарма, сондай-ақ Семей және Курчатов қалаларында өтеді.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button