Абай облысыҚоғамТОП

Аягөз ауданы бойынша жанар-жағармай тапшылығы мәселесі шешілуде

Қазіргі уақытта Аягөз ауданында Гелиос ЖҚС-да 2 тонна көлемінде жанар-жағармай қоры бар, отынды өткізу талондар бойынша жүзеге асырылады, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Жақын арада 25,0 тонна АИ-92 бензині келеді деп күтілуде. «QazaqOil» мұнай базасында 770,0 тонна АИ-92 бензин қоры бар. Мұнда жанар-жағармайдың тәуліктік тұтынуы 35,0 тоннаны құрайды. Күн ішінде мұнай базасынан ЖМҚС резервуарлары толықтырылатын болады. Станция штаттық режимде шектеусіз жұмыс істейді. «ПК Ерғали және К» ЖМҚС-да 10,0 тонна АИ-92 бензин қоры бар. Станция сонымен қатар штаттық режимде шектеусіз жұмыс істейді. Аягөз қаласы бойынша жағдай тұтастай тұрақталды.

«Аягөз ауданында үш жаңа жанармай құю станциясы жұмыс істейді. Бүгінгі таңда «QazaqOil» жанармай құю станциясында дүрбелең жоқ. ЖЖМ талондар бойынша және қолма-қол есеп айырысу арқылы беріледі. Аягөзде бензиннің жеткілікті қоры бар мұнай базасы бар. «Гелиос» станциясының мұнай базасы Өскеменде орналасқан, ол жерден жақын арада 25 тонна ЖЖМ келеді. «Ерғали және К» жанар-жағармай құю станциясының қалған 8 тоннасы бір көлікке 20 литрден беріледі», – деді Аягөз ауданының ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Оразбек Кеншіліков.

Жалпы, ауданда жанар-жағармай туралы дүрбелең туындаған жоқ.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button