Абай облысыҚоғамСемейТОП

Ертіс өзенінде арнайы тапсырмалар орындалды

Абай гарнизоны әскери бөлімінде  жазғы оқу кезеңінің жауынгерлік әзірлік жоспарына сәйкес амфибиялық бөлімшелердің су даярлығы бойынша оқу-жаттығулары басталды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Жаттығудың басты мақсаты – бөлімдегі амфибиялық бөлімшелердің жауынгерлік әзірлік деңгейін қадағалап, әскери барлаушылардың біліктіліктерін арттыру.

  • Бұл жаттығулар қалалық жерде тосыннан болатын қылмыстық топтың әрекеттері кезінде жасалынатын іс-қимылдар. Шартты түрде іздеу жарияланған қылмыскерлер халық көп шоғырланбаған жерлерге жасырынады. Соның бірі өзен жағалаулары мен аралдар. Мұндай жағдайда амфибиялық жасақтың рөлі айрықша. Өзен ортасындағы аралға жедел қимылдап және назарға түспей жету қажет.  Біз қазір осындай оқу-жаттығуды пысықтаудамыз. Әрине, Ертіс өзенінің ағыны қатты. Сондықтан жеке құрам белгіленген нүктеге қиғашынан жүзуде, – дейді  арнайы мақсаттағы амфибиялық барлау ротасының екінші топ командирі аға лейтенант Елнұр Алмабек.

Тактикалық жаттығуларда барлау бөлімі қару-жарақты Ертістің келесі бетіне тасымалдауды және суда жасырыну тәсілдерін орындады. Өзенге шомылуға келген қала тұрғындары   барлаушылардың қайықтан суға секірген  трюктеріне алыстан қарап, таңқалысты. Кенеттен орын алатын қылмыстық топқа қарсы жасалатын іс-әрекеттерді пысықтаған жеке құрам  суға тұншыққан жанға көрсетілетін алғашқы медициналық көмекке де арнайы тоқталып өтті. Бөлім командирінің айтуынша, әскерилердің шеберлігін шыңдау үшін, тактикалық іс-қимылдарды пысықтау, алдағы уақытта да әрдайым өткізіліп тұрады.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button