Абай облысыҚоғамТОП

Жыл басынан бері мемлекеттік қызметтердің 98,1% электронды түрде көрсетілген

Абай облысының жергілікті атқарушы органдары бірінші жартыжылдықта 2,791 млн мемлекеттік қызмет көрсеткен, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Оның қашықтықтан көрсетілген қызмет саны – 2,739 млн. Ал, ұсынылған қызметтің 0,01 пайызы, яғни 344-і қағаз түрінде ұсынылған.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (ХҚО) арқылы – 1856 (0,66%), ал «Электрондық үкімет» порталы арқылы – 1 318 442 қызмет (47,3%) берілген.

Қызметтің бір бөлігі «Е-лицензиялау» порталы арқылы жүзеге асырылды. Оның жалпы саны – 12 341 (0,44%) құрады. Электронды түрде көрсетілетін қызметтің ақпараттық жүйелері арқылы, оның ішінде қызмет алушымен тікелей байланыссыз – 917 054 (32,8%), тікелей байланыс арқылы – 491 203 (17,6%) құжат ұсынылған.

Өткен жылғы көрсеткішпен салыстырсақ, былтыр екінші жартыжылдықта 2,514 млн қызмет көрсетілсе, оның 96,8% электронды түрде жүзеге асырылған.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button