Абай облысыҚоғамТОП

Абай облысының бақылау басқармасы заңсыз құрылыстарға тексеріс жүргізді

Биылғы алты айда келіп-түскен 241 өтінішке сәйкес «Абай облысының бақылау басқармасы» ММ сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында 77 жоспардан тыс тексеру жүргізген, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Тексерістер нәтижесінде құрылыс жұмыстары кезінде (тапсырыс берушілер, мердігерлер, сәулет-техникалық қадағалау, жобалау ұйымдары) мынадай қателіктер анықталды:
– жобалық (жобалық-сметалық) құжаттаманы әзірлеу, сараптау және бекітудің белгіленген тәртібінен бұзу;
– құрылыс-монтаждау жұмыстарының әзірленген жобалық-сметалық құжаттамадан ауытқуы;
– сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органына хабарламастан құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу;
– техникалық және сәулеттік органдардың қадағалауынсыз құрылысты жүзеге асыру;
– ескі құрылыс материалдарын қолдану.

Тексерулер аясында «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің әртүрлі баптары бойынша 142 әкімшілік құқық бұзушылық хаттама толтырылды. Нәтижесінде жалпы сомасы 49,2 млн теңгеге әкімшілік айыппұл салынды.

Сотқа 47 әкімшілік іс жолданды, олардың жалпы сомасы – 18,2 млн теңге.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button