Абай облысыҚоғамСемейТОП

Абай облысы бойынша мемлекеттік тұрғын үй қорынан 621 тұрғын үй беру жоспарлануда

Бұл туралы Абай облысы өңірлік коммуникациялар қызметінде «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан кезекте тұрғандарды баспанамен қамтамасыз ету» тақырыбында өткен брифингте айтылды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Брифингке Абай облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жандос Қайырханов, Семей қаласының тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Мадина Шарбакпаева және Отбасы банкінің маманы Арман Абишев қатысты.
Ағымдағы жылдың бірінші жарты жылдығындағы өтініштер бойынша тұрғын үйге кезекте тұрғандар саны 19 598 азаматты құрайды. Семей қаласы бойынша 13 906 өтініш берілген.

-Осы жылы облыс бойынша мемлекеттік тұрғын үй қорынан 621 тұрғын үй беру жоспарлануда. Ағымдағы жылы халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтар үшін ауданы 44 830 мың м2 болатын 576 жалдамалы тұрғын үй сатып алу жоспарлануда. Республикалық бюджеттен 5,5 млрд теңге қаражат бөлінді» – деді Жандос Қайырханов.

Қазіргі уақытта Абай облысында 66 көп қабатты тұрғын үй құрылысы жүргізілуде, оның ішінде мемлекеттік қаражат есебінен 40 кредиттік үй, 2448 пәтер құрылысы жүргізілуде, бұл тұрғын үйге қолжетімділікті қамтамасыз ете отырып, жалпы халықтың әл-ауқатын едәуір жақсартуға мүмкіндік беретін іске асырылып жатқан шара болып табылады.

2023 жылға жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғын үй үшін төлемдерді жүзеге асыру үшін олыстық бюджеттен 173 млн. теңге қаражат бөлінді.

2023 жылы Абай облысының азаматтарынан 96 өтініш келіп түсті. Оның ішінде 24 өтініш мақұлданды. Ал қалған 27 заң бойынша бас тартылды, Тұрғын үйді жалдау шартының болмауына байланысты 19 өтініш беруші өтініштерін кері қайтарып алған, 3 өтініш қайта қарастырылуда.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button