Абай облысыҚоғамТОП
Абай облысы Бесқарағай ауданындағы екі ауылда келешекте ауылдық клубтар пайда болады
Бесқарағай ауданында 30-ға жуық ұлт өкілдері бір шаңырақтың астында тұрады. «Достық үйі» өңірде салт-дәстүрді жаңғырту және сақтау, достық пен келісімді нығайту бағытында белсенді жұмыс атқаруда, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
«Аудандық мәдениет үйін жөндеуге облыстық бюджеттен 55,7 млн теңге қарастырылған. Өндірістік жұмыстардың кестесіне сәйкес жұмыстар жүргізілуде», – деді Бесқарағай ауданының әкімі Талғат Мұратов.
Аудандағы 9 елді мекенде тұрғындардың бос уақытын ұйымдастыру мақсатында ауылдық клубтарды қалпына келтіру және салу жұмыстары басталды. Сондай-ақ, «Беген және Глуховка ауылдарында ауылдық клубтар құрылысы» жобалары бойынша ЖСҚ әзірленді.
Semeynews.kz