Абай облысыҚоғамҚұрылысТОП

Бесқарағай ауданында облыстық маңыздағы кіреберіс жолдарды орташа жөндеуге 251,8 млн теңге бөлінді

Бесқарағай ауданындағы аудандық маңызы бар автомобиль жолының ұзындығы – 240 шақырым, облыстың елді мекенішілік жолдары – 228 шақырым , – деп хабарлайды Semeynews.kz.

«Ауыл ел бесігі» бағдарламасы бойынша облыстық маңызы бар кіреберіс жолдарды орташа жөндеуге 251,8 млн теңге бөлінді. Жыланды, Қарабас, Өндіріс ауылдарында жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Сондай-ақ, Старая Крепость, Бөкебай, Бесқарағай ауылдарындағы 3 көшені орташа жөндеуге 110,1 млн теңге қарастырылды», – деді Бесқарағай ауданының әкімі Талғат Мұратов.

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаевтың айтуынша, биылғы жылы жолдарды жөндеу жұмыстарын жүргізуге 340,2 миллион теңге, оның ішінде ауданның 3 ауылына 4 шақырым кіреберіс жолды орташа жөндеуден өткізу жоспарлануда.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button