Абай облысы Бесқарағай ауданының егіс алқабы 2023 жылы 61 мың гектардан асты
Бесқарағай ауданының экономикасының негізгі саласы ауыл шаруашылығы. 2023 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқабының жоспары 61,3 мың гектарды құрап отыр, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Бүгінгі таңда егістік дақылдардың жалпы ауданы 61 963 гектарды құрайды, оның ішінде: дәнді дақылдар 16,6 мың га, жемшөп дақылдары 16,2 мың гектар.
«Ерназар ауылдық округінде агроөнеркәсіптік кешенді дамыту шеңберінде «Мукинов» шаруа қожалығы 1000 басқа арналған бордақылау алаңын пайдалануға берді. Бұл бордақылау алаңында электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау, ветеринарлық аурухана, 2 жатақхана, мал шаруашылығы базасы (5 мал жайылымы) салынды, бөліністер, таразылар, сою пункті орнатылды», – деді Бесқарағай ауданының әкімі Талғат Мұратов.
Бесқарағай ауданы бойынша көктемгі егіс жұмыстары аяқталды.
Жалпы облыс бойынша агроөнеркәсіп кешенінде бірінші жартыжылдықта ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 22,2% пайызға өсті.
Semeynews.kz