Абай облысының әкімі азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдады

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдады, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Қабылдау онлайн және офлайн форматта өтті. Оған бірінші болып Семей қаласының 73 жастағы тұрғыны Мария Мамырбекова денсаулығына қатысты мәселені көтерді. Кейуана көз операциясы және немересін Үржар ауданындағы оңалту орнында ем алуға жәрдемдесу туралы өтінішпен жүгінді. Өз кезегінде аймақ басшысы бұл мәселені тезірек шешуге көмектесуге уәде берді.
Тағы бір облыс тұрғыны Zoom желісі арқылы Абай облысы Бородулиха ауданының білім беру саласындағы кадрлық мәселелерді қозғады. Өңір басшысы бүгінгі таңда Абай облысы көлемінде ішкі мемлекеттік аудит департаментімен тексеру жүргізілгенін түсіндірді. Анықталған қателіктер жойылып, қызметкерлер тәртіптік жауапкершілікке тартылған атап өтті. Десекте, Н.Ұранхаев облыс тұрғыныны көтерген жағдайды одан әрі тіркеу және шешу барысын бақылау үшін мәселені жазбаша түрде жолдауды сұрады.
Азаматтарды қабылдау барысында облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев өңір тұрғындарының бірқатар сұрақтарына жауап беріп, мемлекеттік органдардың басшыларына заң аясында азаматтардың мәселелерін шешуге жәрдем көрсетуді тапсырды.
Айта кетейік, Абай облысының әкіміне жеке қабылдауға 8 (7222) 52-39-21 телефоны арқылы жазылуға болады.
Semeynews.kz