Абай облысыҚоғамҚылмысСемейТОП

«Азаматтарға арналған үкімет» МК Абай облыстық филиалының директоры ұсталды – ҰҚК

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КеАҚ Абай облыстық филиалының директоры ұсталды, – деп хабарлайды Semeynews.kz ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«27 шілдеде ҰҚК Абай облысы бойынша департаменті Экономикалық тергеп-тексеру департаментімен бірлесіп аумақтық прокуратураның үйлестіруімен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғам филиалының директорын ұстады. Ол Қылмыстық кодекстің 366-бабының 2-тармағымен (айтарлықтай мөлшерде пара алу) қарастырылған жемқорлық қылмыс жасады деген күдікке ілінді. Семей қаласының уақытша қамау изоляторына қамалды. Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды», – делінген ресми хабарламада.

photo
photo

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button