Абай облысыҚоғамҚұрылысСемейТОП

Абай облысының орталығында жол жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде

Семейде жол жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Қазіргі таңда Ертіс көшесінде асфальтбетон жабынын фрезерлеу жұмыстары аяқталды.Рысқұлов көшесінде тегістеу қабатын төсеу, Докучаев көшесінде борттық тастарды ауыстыру бойынша жұмыстар аяқталды.

Чайковский көшесінде жалпы ұзындығы 1,2 шақырым болатын қолданыстағы борттық тастарды ауыстыра отырып, жүріс бөлігін орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Шугаев көшесінде жолдарды орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп қолданыстағы жол жиектері ауыстырылды және жаяу жүргіншілер жолдары қалпына келтірілді.

Берел мен Би Боранбай көшесіндегі жол айрықта күрделі жөндеуден өткізу, сондай-ақ, қаланың шеткері бөліктеріндегі Цветочная, Дружба, Стальского көшелерінде асфальт төсеу жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда Верхнее-Березовский және Семей қаласының әртүрлі көшелерінде түрлі дәрежедегі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Аталған жол құрылысы қалалық автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі бөлімінің тапсырысымен жүзеге асырылуда. Күрделі жөндеуден өткен барлық көшелерге жол белгілері қойылып, жолтаңбалары(разметка) сызылады.

Айта кетейік, биыл Семейде 50 шақырым жолға жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button