Абай облысы Жарма ауданының 95 жылдығына орай Жаңғызтөбе кентінде «Ауылым – алтын бесігім» атты ауыл күні мерекесі аталып өтті, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Салтанаты шара барысында жиналғандарды «Ауыл күні» мерекесімен кент әкімі Е.Закимов құттықтап, ақ тілегін білдіріп, әр шаңыраққа құт-береке, бірлік пен ынтымақ тіледі.
Шара барысында арнайы шақырылған өнерпаздар ән шырқап, кеш көркін қыздырып көрермендерге көтеріңкі көңіл- күй сыйлады. Спорттық ойындарды тамашалаушылар да аз болған жоқ. Ұлттық құндылықтарымызды дәріптей отырып, білекті жігіттер қол күрес, арқан тартыс, гір көтеру бойынша өзара сынға түсіп, мықтыларды анықтады. Сондай-ақ ерлер мен әйелдер арасында жүгіру, веложарыс өткізілді.
Жарыс қорытындысы бойынша барлық жеңімпаздар Алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Semeynews.kz