Абай облысыҚоғамТОП
Абай облысы Жарма ауданының тұрғындары 100 пайыз ауызсумен қамтылады

Жарма ауданында 34 800 адам таза ауызсумен қамтылған. Бұл – аудан халқының 98,5 пайызы, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Ал осы көрсеткішті 100 пайызға жеткізу үшін бірқатар жүйелі жоба жүзеге асырылып жатыр.
Мысалы «Даму» қоры арқылы Сұлусары ауылындағы су құбыры желілерінің құрылысы жуырда аяқталады. Қазіргі таңда мердігер компания 91 үйдің ауласына құбыр жеткізген, жақын арада тағы 5 үйге су тартылады.
Сонымен қатар Үшбиік, Қалбатау ауылында, Жаңғызтөбе кентінде су құбыры желілерін қайта жаңғырту үшін жобалық-сметалық құжаттамалар әзірленіп жатыр.
Осы жылы аудан бюджетінің қаражатына Үшбиік ауылында ұңғыма орнатылып, ауыз су берілді. Сондай-ақ, Қаражал ауылында су мұнарасы ауыстырылып жатыр.
Semeynews.kz