Абай облысыҚоғамҚұқықбұзушылықСемейТОП
Абай облысының кәсіпкеріне жер учаскесін жалға алу мерзімін негізсіз ұзартпаған

Абай облысы бойынша Cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жер учаскесінің жалға алу мерзімін ұзарту процедурасын негізсіз созу фактісін анықтады, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Абай облысы бойынша Cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі баспасөз қызметінің хабарлауынша, саудамен айналысатын кәсіпкер 2 ай бойы жер учаскесінің жалға алу мерзімін ұзарта алмаған.
Кәсіпкер өз тарапынан Жер кодексінің (37-бап) барлық талаптарын орындап келгеніне қарамасстан, Семей қаласының әкімдігі сауда павильонының сыртқы келбеті қаланың дизайн кодына сәйкес келмейтінін сылтауратып, кәсіпкердің жер учаскесінің жалға алу мерзімін ұзартудан бас тартқан.
Антикордың араласуынан кейін кәсіпкердің құқығы қалпына келтіріліп, жалға алу мерзімі ұзартылды.
Semeynews.kz