Абай облысыҚоғамСемейТОП

Семейде Мелькомбинат көшесіндегі үйлерге орталық жылу жүйесі жүргізілді

Көп жылдар бойы Семей қаласының Мелькомбинат көшесіндегі көппәтерлі үйлер орталық жылу құбырына қосылмай, тұрғындар өз күшімен баспанасын жылытып келген, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Енді биылдан бастап бұл үйлер орталықтандырылған жылу көзіне қосылады.

Облыс әкімі Нұрлан Ұранхаевтың тапсырмасына сәйкес Мелькомбинат көшесіндегі 3, 4, 10, 11, 12 тұрғын үйлеріне жылу желісін тартуға мемлекеттік бюджеттен 192,058 млн. теңге қаражат бөлінді.

Бұл жұмысты «ВостокМонтажИнжиниринг» ЖШС мердігерлік ұйымы 2022 жылдың қазан айында бастап, биылғы сәуір айында толық аяқтады.

Енді 48 пәтер алдағы жылыту маусымынан бастап орталықтандырылған жылу көзінен жылу алады.

Бүгінде тұрғындар өз қаражатымен пәтер ішіндегі жылу жабдықтарын жасап жатыр.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button