Абай облысыБілімҚоғамҚұрылысТОП

Абай облысының ауылдарында шағын мектептер бой көтереді

Абай облысының бірнеше ауылдарында шағын мектептер бой көтереді, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Бұл өңірдегі мектептердегі орын тапшылығын шешуге ықпалын тигізіп қана қоймай, сондай-ақ ауылдардың дамуына және халықтың ішкі миграциясын тоқтатуға оң әсер етері сөзсіз.

Осы міндеттерді шешу үшін Абай облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспарына 510 оқушыға арналған 6 шағын мектеп салу енген.

Олардың екеуі Үржар ауданындағы: Малақ ауылында 100 орын және Сағат ауылында 80 орынды білім ордасы бой көтереді. Сондай-ақ, әрқайсысы 100 орындық екі мектеп Жарма ауданындағы Новотаубинка және Кентерлау ауылдарында ашылады. Бесқарағай ауданы Белокаменка ауылында 50 орындық және Ақсуат ауданы Көктерек ауылында 80 орындық мектеп салынады.

Қазіргі уақытта Абай облысының «Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуде.

Осы жобалардың нәтижесінде білім беру саласындағы оқу орындарының тапшылығын шешу көзделеді.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button