Абай облысыӘлеуметҚоғамСемейТОП

Абай облысында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қолдау жасалды

«Семей қаласының қиын өмір жағдайындағы балаларды қолдау орталығы» КММ қайырымдылық қорынан түскен қаражатқа материалдық-техникалық базасы жаңартылды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

2022 жылдың желтоқсан айының соңында «Ақ Ертіс» қоры Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаевтың бастамасымен Семей қаласында алғашқы қайырымдылық балл өткізді. Мерекелік іс-шарадан облыстағы ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қолдау орталықтарына көмек ретінде 35 миллион теңгеден астам қаражат жиналды. Бұл қаражат орталықтардың материалдық-техникалық базасын нығайтуға жұмсалды.

Атап айтқанда, Абай облысы білім басқармасының «Семей қаласындағы қиын өмір жағдайындағы балаларды қолдау орталығы» КММ-не дезинфекциялық камера, тұрмыстық техника, ыдыс-аяқ пен жұмсақ жиһаз сатып алуға 10 миллион теңге бөлінді. 2023 жылғы 20 шілдеде барлық жабдықтар мен жиһаздар толық жеткізілді. Айта кетейік, бүгінде қолдау орталығында 79 бала тәрбиеленуші бар.

Орталықтың 4 бөлмесі ас үй жабдықтарымен толығымен жабдықталды. Бұл жерде балалар тамақ дайындаудың негізгі дағдыларын меңгере алады. Сонымен қатар, орталықта демалуға арналған бөлмеге қажет жиһаздар сатып алынды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button