Жол-көлік оқиғасы: жаяу жүргінші қайтыс болды
Шығыс Қазақстан облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші қайтыс болды, деп хабарлайды Semey News.

ШҚО ПД баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 2021 жылғы 27 сәуірде, шамамен сағат 22:30-да 30 жастағы жүргізуші Бородулиха ауданында «Бородулиха-Жезкент» бағытындағы автожолда, жүргіншілер бөлігінің шетінде жүріп бара жатқан 40 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан, өмірге сәйкес келмейтін дене жарақаттарынан жаяу жүргінші оқиға орнында қайтыс болды.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, соттық сараптамалар тағайындалды, нәтижесі бойынша процессуалды шешім қабылданады. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Жол-көлік оқиғаларының негізгі себептері көлік жүргізушілерінің жүргізу мәдениеттерінің төмендігі, жылдамдықты арттырулары, көлік құралын басқаруда ұялы телефон немесе радиостанса пайдаланулары, маневр жасау, сондай-ақ қиылыстардан өту ережерін және тағы да басқа жол қозғалысына қойылатын ережелерді бұзулары. Сондай-ақ, жол қозғалысы ережелерін жаяу жүргіншілер тарапынан бұзу фактілері де көп, көп жағдайда олар жаяу жүргіншілердің өтулеріне арналмаған жерлерде жолды қақ ортасынан кесіп өтеді.
Өміріңізді және денсаулығыңызды, жақындарыңыз бен туғандарыңызды сақтап қалу және жол-көлік оқиғаларына жол бермеу мақсатында ШҚО ПД әр азаматты жолда өте абай болуға және жол ережелерін бұлжытпай сақтауға шақырады.
Semey News