Абай облысыҚоғамҚылмысСемейТОП

Алаяқтар егде жастағы семейліктердің ақшасын иемденбек болған

Алаяқтар егде жастағы семейліктердің ақшасын иемденбек болған, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Соңғы уақыттарда қылмыскерлердің қалалық телефондарға қоңырау шалып, өздерін тұрғындардың жақын туыстары немесе құқық қорғау органдарының өкілдері болып көрсететін схема бойынша егде жастағы адамдарға қатысты жасалатын алаяқтық фактілері жиілеп кетті. Өздерін жақын адамдары ретінде көрсететін қаскөйлер бір жазатайым оқиғаға тап болғандарын және оған кінәлі екендіктерін хабарлап, мәселені шешу үшін қаражат сұрайды. Жәбірленушілер оларға ақша беруге келіскеннен кейін қаражатты алу үшін курьерлер жібереді.

Мәселен, тек 22 шілденің өзінде полицияда алаяқтық әрекеттің 3 фактісі тіркелді. Барлық үш жағдайда да ықтимал құрбандар өздерін алдауға мүмкіндік бермеген. Солардың бірі белгісіз қыз 85 жастағы семейлік әйелдің үй телефонына қоңырау шалып, өзін оның туысқаны ретінде көрсетіп, апатқа ұшырағанын хабарлайды да, 20 млн теңге сомасында ақша сұрайды. Бірақ өтініш беруші ақшаны жібермей, бірден полицияға хабарлаған.

Полиция департаменті азаматтарды ешбір жағдайда бейтаныс адамдарға ақша бермеуге шақырады. Мұндай қоңыраулар түскен жағдайда телефонмен сөйлесуді қойып, келіп түскен ақпаратты тексеріп, жақындарыңызбен байланысу қажет.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button