Абай облысыҚоғамСемейТОП

Семейде жол сапасын тексеру жұмыстарына мәслихат депутаты мен қоғамдық кеңес мүшелері қатысты

Бүгін қала әкімінің орынбасары Рамиль Досмағанбетовтың төрағалығымен ағымдағы жылы орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан жолдардың сапасын тексеру мақсатында көшпелі кеңес өткізілді, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Тексеру жұмыстарына мердігер ұйымдарының басшылары, қалалық мәслихат депутаттары мен кеңес мүшелері қатысты.

Ең алдымен қаланың сол жағалауындағы жақында ғана асфальт төселген Ертіс көшесін тексеру жұмыстары жүргізілді. Одан кейін Холодный ключ кентіндегі Цветочная көшесіндегі №48 орта мектептен аялдамаға дейін жүргізілген орташа жөндеу жұмыстарын тексерді. Сондай-ақ, Дружба, Рысқұлов, Стальского, Би Боранбай, Шугаев көшелеріндегі асфальт төсеу, тротуарлар мен бордюрларды жөндеу жұмыстарын тексерді.

“Қазіргі таңда қала әкімінің тапсырмасына сәйкес транспорт бөлімі мердігер ұйымның келісімшартта көрсетілген міндеттерді атқаруы үшін үнемі тексеру жұмыстарын жүргізуде. Сапасыз жүргізілген жұмыстың міндетті түрде сұрауы болады”,- деді ЖК және АЖ бөлімінің басшы Медет Алтаев.

Айта кетейік, қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов әр күн сайын тұрақты түрде жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан аумақтарды аралап, мердігер ұйымдардың жұмысын қадағалауда.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button