Абай облысыҚоғамСемейТОП

Семейда Ұлттық нақышта жаңа мурал пайда болды

Қалықтаған қыран мен киіз үй бейнелеген мурал 408 квартал ауданындағы көп қабатты тұрғын үйдің қабырғасына салынды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Бұдан бұрын Семейдің әртүрлі ауданындағы нысандарда 6 қабырға суреті салынған болатын.

«Қаламыздағы ең басты көшелердің бірі саналатын 408 кварталға ұлттық нақыштағы муралды салуды ұйғардық. Қала әкімі Нұрбол Төлегенұлының тапсырмасымен 408 квартал ауданындағы көпқабатты тұрғын үйдің қабырғасына тағы бір қабырға суреті салынады»,- деп атап өтті тұрғын үй инспекция бөлімінің басшысы Диана Шаяхметова.

Бұдан бөлек, қаланың әртүрлі аудандарында көпқабатты тұрғын үйлердің қасбеттерін жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда 30-дан астам көп қабатты тұрғын үйлердің қасбеттерін бояу жұмыстары аяқталды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button