Абай облысыҚоғамҚұрылысТОП

Абай облысының Ақсуат ауданында үш ауылға су құбыры тартылуда

«Қуатты өңірлер-елді дамытудың драйвері» ұлттық жобасын іске асыру мақсатында Ақсуат ауданы бойынша үш ауылға орталықтандырылған су құбыры желілері тартылуда, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Атап айтқанда, Тана мырза мен Ақсуат ауылы арасына асфальт жамылғысы төселген. Ендігіде ұңғыма павильоннан үйді-үйдің қызылсызығына дейін ауыз су жеткізілмек.

Сумен жабдықтау жүйелерін салу тұрғын үйлерді, ішкі сумен жабдықтау жүйелерімен жабдықталған қоғамдық ғимараттарды үздіксіз ауыз сумен қамтамасыз етеді.

Бүгінгі таңда мердігер «УниверсалСтройСервис» ЖШС Тана мырзада құрылыс жұмыстарын жүргізуде.

Екінші Көктүбек ауылында әр үйдің қызылсызығына дейін су желісін тарту басталған.

Бұл жобаны іске асырудың мақсаты Көктүбек ауылының тұрғындарын үздіксіз сумен қамтамасыз ету, қоршаған ортаны қорғауды жақсарту, ауылды сыртқы өрт сөндіруді қамтамасыз ету болып табылады.

Сумен жабдықтау жүйесінің ұзындығы – 7,625 шқ. Су құбыры құдықтарына 75 қажетті қондырғы орнатылған. Құрылыс жұмыстарының аяқталу уақыты қазан айы.

Сонымен қатар, Серіктес ауылына да ұңғыма павильоннан су желісі тартылуда. Бүгінгі таңда мердігер «АДС-2001» ЖШС су тарту жұмыстарын атқаруда.

Жалпы, мемлекет осыған арнайы бағдарлама түзіп, қаржы бөліп отыр.

Сондықтан, құрамы тексерілген, денсаулыққа зиянсыз таза ауызсуды тұрғындар белсінділікпен үйлеріне кіргізіп алулары тиіс.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button