Абай облысыҚоғамСемейСпортТОП

Семейде “Баршаға арналған спорт” акциясы тұрақты түрде өтуде

Маусым айының соңынан бері Семей қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен “Баршаға арналған спорт” акциясы өтуде, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Бұл жобаның негізі мақсаты- қала тұрғындарын жас ерекшеліктеріне қарамай спортқа баулу. Солардың ішінде скандинавиялық серуендеуге қала тұрғындарының қызығушылығы басым.

Осы аптада өткен акцияға скандинавиялық серуендеу клубының ұжымдары, ұзақ өмір сүру орталығының және Семей қаласының бірқатар этно – мәдени орталықтарының және ардагерлер ұйымдарының, жекелеген қала тұрғындарының өкілдері қатысты. Скандинавиялық серуендеуге жалпы саны 50-ден астам адамды қатысты. Акцияға қатысушылардың негізгі бөлігін зейнеткерлік жастағы (85%) өкілдер құрады, олардың ішінде 84 жастағы зейнеткер де бар.

Спорттық сабаққа облыстық және қалалық ардагерлер кеңесінің төрағалары (Марат Алин және Кенжебек Бердікенов), қазақ, орыс, неміс және шешен-ингуш этно-мәдени орталықтарының өкілдері, сондай – ақ ШҚО скандинавиялық серуендеу федерациясының төрағасы Оксана Шишкина да қатысты.

“Бір ай көлемінде өткізіліп жатқан спорттық шараға ардагерлер белсенді түрде қатысуда. Осындай шараны егде жастағы адамдарға тегін ұйымдастырып берген қала әкімдігіне өз ризашылығымды білдіремін. Әр апта сайын ашық кеңістікте өткізілетін спорттық шараға үнемі қатысамын”,- деп атап өтті ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұрат Алин.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button