Абай облысыҚоғамҚылмысСемейТОП
Семейдегі педофил 25 жылға сотталды

Абай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандырылған ауданаралық сотымен 9 жастағы қызға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық жасаған 48 жастағы М.-ға үкім шығарды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Айыпталушы мұның бәрін жоққа шығарғанымен, оның кінәсі сараптамалардың қорытындыларымен және іс бойынша жиналған басқа да дәлелдермен дәлелденген.
Сот үкімімен М. ҚК 120-бабының 4-бөлігімен және 121-бабының 4-бөлігімен 25 жылға бас бостандығынан айыруға сотталды. Жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде өтейді.
Semeynews.kz