Абай облысында туберкулездің алдын-алу бағыттары талқыланды

Абай облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Сандыбаевтың қатысуымен өңірде түберкілездің алдын-алу жолдары және үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетін дамыту мәселесі қарастырылды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Қазіргі уақытта елімізде фтизиатриялық және пульмонологиялық қызметтерді дамытудың 2023-2025 жылдарға арналған Жол картасы қабылданған. Осы бағдарлама аясында облыста атқарылатын іс-шаралар жоспары кеңес талқысына түсті.
Кеңес жұмысына жергілікті атқарушы органдардың, облыстық және қалалық мәслихаттың, әлеуметтік қызметтердің, денсаулық сақтау ұйымдарының, сондай-ақ облыстың үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері қатысты.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Сандыбаев өңірдегі эпидемиологиялық жағдайға тоқталып, туберкулездің алдын алу және емдеу жөніндегі шараларды жетілдірудің маңыздылығын тоқталды.
«Қазіргі уақытта туберкулез бойынша жағдай тұрақталды, бірақ бізде әлі де жоспарланған іс-шаралар жеткілікті. Туберкулездің таралуына тиімді қарсы тұру денсаулық сақтау ұйымдарының, мемлекеттің, әлеуметтік қызметтердің, бүкіл қоғамның үйлестірілген іс-қимылын талап ететін әлеуметтік маңызды сала. Бұл бағытта үкіметтік емес ұйымдардың жұмысына ерекше назар аудару», – керек деді басқарма басшысы.
Өңірдегі эпидемиологиялық жағдайды талқылаудан басқа, спикерлердің баяндамалары тыңдалды, тү мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру шаралары, үкіметтік емес ұйымдардың бірлесе жұмыс атқару, ынтымақтастық мүмкіндіктері қаралды.
Semeynews.kz