Абай облысының Аягөз ауданында Санияз сұлтанның 300 жылдығына орай дүбірлі той өтті

Аягөз ауданы, Тарбағатай ауылында Санияз сұлтанның 300 жылдығына орай кең көлемді іс-шаралар ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Санияз Көшекұлының 300 жылдығын атап өту аясында ұйымдастырылған іс-шаралар Тарбағатай ауылы тауларының баурайында жалғасын тапты.
Ауданға арнайы келген мерейтой қонақтары мен Санияз Көшекұлының ұрпақтары, зиялы қауым өкілдері Санияз Сұлтанның кесенесіне барып, бабалар рухына тағзым етіп, құран бағыштады.
Сондай-ақ, еліміздің түпкір-түпкірінен келген қонақтар ақындар айтысы, балуандар сайысы, аламан бәйгені тамашалады.
Мерейтой аудандық мәдениет үйі әртістерінің мерекелік концертімен аяқталды.
Еске сала кетейік, бұған дейін 20 шілде күні Тарбағатай ауылында ас беріліп, дүбірлі айтыс, аламан бәйге, балуандар сайысымен жалғасын тапқанын хабарлаған болатынбыз.
Semeynews.kz