Абай облысының Көкпекті ауданында жолдарды жөндеу жұмыстары жүргізілуде

Көкпекті ауданындағы ауылшдарда ішкі жолдар жөнделіп жатыр, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
«Ауыл бесігі» бағдарламасы аясында Көкпекті ауданында осы жылы ұзындығы 13 шақырымнан аса ауылдың ішкі жолдарына асфальт төсеу жоспарланған. Бұл мақсатқа бюджеттен 443 908,0 мың теңге бөлінді.
Көкпекті тұрғындары жолдың сапасы туралы облыс басшылығымен болған кездесуде айтып, қолдау көрсетуді сұраған болатын. Ішкі жолдарды салып, қайта жаңғырту аясында орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу 5 жоба бойынша жүзеге асырылатын болады.
Көкпекті ауылының Авдеев, Уәлиханов-Әбішев, Аведеев-Кенесары Бакин, Цепура-Аухадиев, Бейсембаев, Кегенбай би көшелеріне және Абай көшесінің бір бөлігіне жалпы ұзындығы 5 км құрайтын орташа жөндеу жүргізіледі.
Сонымен қатар Үлкенбөкен, Преображенка ауылдарының көшелеріне жиыны 8 шақырым жол орташа жөндеуден өтіп, жұмыстар ағымдағы жылдың 15 қыркүйегіне дейін аяқталмақ.
Semeynews.kz