Абай облысының Бесқарағай ауданында екі өрт сөндіру бекеті ашылады

Абай облысының Бесқарағай ауданында екі өрт сөндіру бекеті ашылады. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов облыс тұрғындарымен кездесуінде айтты, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
2025 жылға дейін өңірде осындай тағы 14 бекет құру жоспарланған.
«Қосымша, өрт сөндіру бөлімшелері жоқ елді мекендерде баламалы тәртіпте 150-ден астам ерікті құралым мен 50-ден астам өрт сөндіру бекеті жұмыс істейді, олар қажетті техникамен және өрт сөндіру құралдарымен жабдықталған», – деді министр.
Айта кетейік, Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов Абай облысының халқымен кездесу өткізді. Онда министр жыл басынан бері Абай облысының құтқарушылары үш жүзден астам адамды құтқарғанын айтқан еді. Бұл – өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,5 есе көп. Жалпы, өңірде бес жүзден астам төтенше жағдай келген.
Semeynews.kz