Абай облысыҚоғамТОП

Абай облысындағы электрондық дүкен арқылы тауарларды мемлекеттік сатып жұмыстары тұрақты өтуде

Қазақстанның мемлекеттік сатып алу жүйесі жыл сайын бюджет қаражатын жұмсаудың тиімділігін арттыруға және тұтастай алғанда жүйенің өзін жаңғыртуға бағытталған елеулі өзгерістер болып жатыр, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Ол үшін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілдері де өзгертіледі. 2022 жыл бастап рейтингтік-балдық жүйені және негіздемелік келісімдерді пайдаланатын конкурстың екі жаңа кіші түрі, сондай-ақ электрондық дүкен арқылы сатып алу тәсілдері қолданысқа енгізілді.

Бұл өзгерістер, ең алдымен, мемлекеттік сатып алу қорытындыларына адами фактордың әсер етуін болдырмай, рәсімдерді жүзеге асыру мерзімдерін қысқартады.

Электрондық дүкен арқылы тауарларды мемлекеттік сатып алу тәсілі «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 38-1-бабына сәйкес жалпы құны республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген төрт мың еселенген айлық есептік көрсеткіштің мөлшерінен аспайтын біртекті тауарларға қолданылады.

Мемлекеттік сатып алу веб-порталының бірыңғай операторының (“Электрондық қаржы орталығы” АҚ) шешімімен Omarket.kz ақпараттық жүйесі мемлекеттік сатып алудың осы тәсілі үшін электрондық дүкен ретінде анықталған.

2023 жылдың өткен кезеңі ішінде Абай облысының тапсырыс берушілері Omarket.kz электрондық дүкені арқылы жалпы сомасы 1,5 млрд.теңгеге тауарларды мемлекеттік сатып алу туралы 5 327 шарт жасады.

Ағымдағы жылға барлығы Omarket.kz көмегімен жалпы сомасы 1,9 млрд. теңгеге тауарлар сатып алу жоспарланған.

Электрондық дүкен арқылы тауарларды мемлекеттік сатып алу тапсырыс берушілер мен өтінім берушілердің өзара іс-қимылының екі жақты тиімді тетігі болып табылатынын атап өткен жөн. Себебі, бірінші тарап үшін бұл жарғылық қызметті қамтамасыз ету үшін тауарларды сатып алу рәсімін жеңілдетеді және жеделдетеді, ал екінші тарап үшін біліктілік, оның ішінде қаржылық тұрақтылық бойынша талаптарға сәйкестік тұрғысында шектеусіз мемлекеттік сатып алуда жұмыс тәжірибесін алуға мүмкіндік береді.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button