Абай облысыҚоғамМәдениетСемейТОП

Семейде «Мерейлі отбасы – 2023» байқауы өтті

Семей қаласында 2023 жылғы 19 шілде күні Қалалық мәдениет сарайында отбасылық өмір салтын насихаттауға бағытталған «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының қалалық кезеңі өтті, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Қалалық кезеңнің ұйымдастырушысы: «Отбасы орталығы» қоғамдық қоры мен «Семей қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ.

Сайысқа алты отбасы қатысты. Қалалық байқау аясында отбасылар отбасының өзін-өзі таныстыруы, «Әлем халықтарының ұлттық дәстүрлері» тақырыбында шағын театрлық қойылым ұсынды.

Марапаттау рәсімінде жеңімпаздар мен қатысушыларға қала әкімінің алғыс хаттары мен қаржылай сыйлықтар табыс етілді.

Қалалық байқаудың жеңімпаздары «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының облыстық кезеңіне қатысады.

«Мерейлі отбасы» байқауы отбасы, адамгершілік, руханият институттарын нығайту, ерлі-зайыптылар жауапкершілігінің маңызын түсіну және ата-аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру, отбасылық құндылықтарды көрсету және кеңінен насихаттау мақсатында өткізіледі.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button