Абай облысыҚоғамҚұрылысТОП

Абай облысының Ақсуат ауданы ауылдарына су құбырлары тартылып жатыр

«Қуатты өңірлер-елді дамытудың драйвері» ұлттық жобасын іске асыру мақсатында Ақсуат ауданы бойынша 3 ауылға орталықтандырылған су құбыры желілері тартылып жатыр, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Атап айтқанда, су құбырларын тарту жұмыстары Тана мырза, Серіктес және Көктүбек ауылдарында жүргізілуде.

Бүгінде Тана мырза ауылында «УниверсалСтройСервис» ЖШС мердігер компаниясы құрылыс жұмыстарын жүргізуде. Су құбырларын тартудың негізгі мақсаты: тұрғындар талабына сай ішкі су жүйелерімен жабдықтау, ауылды үздіксіз ауызсумен қамтамасыз ету. Сондай-ақ су құбырларынан бөлек Тана мырза мен Ақсуат ауылы арасына асфальт жамылғысы да төселген.

Әр үйдің іргесіне дейін су желісін тарту Көктүбек ауылында да басталған. Тұрғындарды үздіксіз ауызсумен қамтамасыз етуді көздеген жоба аясындағы тартылып жатқан су құбыр жүйесінің ұзындығы – 7,625 шақырым. Қазіргі таңда 110 мм су құбырынан 6,3 шақырым су құбыры желісі тартылды. Қазан айында құрылыс жұмыстары аяқталатын су құбыры құдықтарына 75 сақина орнатылған.

Мұнымен қатар су желісі жұмысы Серіктес ауылында жүргізілуде. Бүгінгі күні ауылда «АДС-2001» ЖШС мердігер компаниясы су тарту жұмысын бастаған. Ауылдағы су құбыры әрбір үйге тартылып беріледі.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button