Абай облысыауылшаруашылығыҚоғамТОП

Абай облысының ветеринария басқармасы жұқпалы аурулардың таралуына жол бермеуді бақылауға алған

Абай облысының ветеринария басқармасы мен бағынысты ветеринариялық қызметтерінің басты міндеттерінің бірі – төрт түлік мал мен үй жануарларын аса қауіпті аурулар жұқтырудан және таралуынан қорғау, сондай-ақ инфекциялы аурулардан тұрақты эпизоотиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Бірінші жартыжылдықтың қорытындысына сәйкес өңірде бруцеллездің тіркелуі төмендегені байқалады.

2022 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда биыл ірі қара малдың бруцеллезі 57,5 пайызға, ал ұсақ малдың аурулары – 40,8 пайызға төмендеді.

Қазіргі уақытта облыста аса қауіпті ауруларға қарсы ветеринариялық алдын алу іс-шаралары жылдық жоспарға сәйкес жүргізіліп жатыр.

Ауылдық округтердегі ветеринария пункттерінің көпшілігі күрделі жөндеуді немесе жаңа ғимараттар салуды талап етеді. Осыған байланысты бұл мәселе 2024-2027 жылдарға арналған облыс көлемінде ветеринарияны дамытудың стратегиялық жоспарына енгізілді.

Биыл облыс әкімі Нұрлан Ұранхаевтың тапсырмасымен ветеринария іс-шараларын уақтылы және сапалы орындау үшін қосымша 253 құрал сатып алу жоспарланған.

Облыс аумағында 137 мал сою нысаны жұмыс істейді. Сондай-ақ, облыстың елді мекендерінде 153 мал қорымы бар, оның ішінде 66 типтік және 87 қарапайым.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 9 қарашадағы бұйрығына сәйкес, жыл басынан бері облыстың ветеринария қызметі мамандарының жалақысы 50 пайызға өсті.

Абай облысының ветеринария басқармасы жұқпалы аурулардың пайда болуы мен таралуына жол бермеу, сондай-ақ облыс аумағында ветеринария-санитария қауіпсіздігін қамтамасыз етуді тұрақты бақылауына алған.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button