Абай облысының Жарма ауданында металлургтер күні аталып өтілді
Жарма ауданының Әуезов кентінде металлургтер күніне орай мекеме қызметкерлері арасында шағын футбол ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Спорттық шараға 8 команда өзара сынға түсіп, мықтылар анықталады. Жарысты ұйымдастырдың негізгі мақсат- жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттау.
Ойын барысы қызықты өтіп, тартысты бәсек барысында командалар жақсы тактика қолданып ойнады, ойыншылар жақсы ойын техникасын көрсетті.
Шараға аудан әкімінің орынбасары Райым Нұрғалиев қатысып, кәсіпорын қызметкерлері мен еңбек ардагерлері құттықтады.
-Металлург – тау-кен өнеркәсібі саласындағы аса маңызды кәсіп. Бұл саланың аудан өнеркәсібінде де жетекші орынға ие екендігін атап өткен жөн. «Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ұжымын, ардагерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтамыз, – деді Р.Нұрғалиев.
Ойынның қорытындысы бойынша І орынды «Аякс» командасы жеңіп алса, ІІ орынды – «Алтын» командасы, ІІІ орынды – «Энергетик» командасы иеленді. Ойын жақсы деңгейде өтіп жеңімпаздарға бағалы сыйлықтармен мадақтама қағаздары берілді.
Осы күні мереке құрметіне орай бәйге және көкпар және басқа да ұлттық жарыстар ұйымдастырылды.
Кешкісін эстрада әншілерінің қатысуымен концерттік бағдарлама өтіп, жиналғандар мерекелік отшашуды тамашалады.
Semeynews.kz