ҚазақстанҚоғамТОП

Қасым-Жомарт Тоқаев Жидда қаласына жұмыс сапарымен келді

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қос киенің сақшысы – Сауд Арабиясының Королі Салман бен Әбделазиз Әл Саудтың шақыруымен Жидда қаласына жұмыс сапарымен келді, – деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысын әуежайда Мекке провинциясы губернаторының орынбасары, ханзада Бадр бен Сұлтан бен Әбделазиз, Жидда провинциясының губернаторы Салих бен Әли Ат-Түрки қарсы алды.
Айта кетейік, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясы Корольдігіне жұмыс сапары аясында Исламда екінші қасиетті орын саналатын Медина қаласындағы Мұхаммед пайғамбар мешітіне барғанын жазған едік.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button