Абай облысыҚоғамҚұрылысСемейТОП
Абай облысында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қарқынды жүргізілуде

Абай облысының Құрылыс, архитектура және қала құрылысы басқарма басшысы және «Самрұқ констракшн» төрағасы Қарағайлы ықшам ауданындағы және Водный кентіндегі құрылыс алаңдарын аралады, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Абай облысының Құрылыс, архитектура және қала құрылысы басқарма басшысы Айдын Бегимбеков және «Самрұқ констракшн» төрағасы Мәулен Зарлықұлы өңіріміздегі
«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясындағы құрылысы басталуға жақын Қарағайлы шағын ауданындағы 1200 орындық және Водный шағын ауданындағы 600 орындық мектеп алаңдарын аралады.
Мердігер мекеме «AN Groups» ЖШС жауапты қызметкерлерімен өзекті мәселелерді талқылап, нысан басында нақты шешімдер қабылданды.
Semeynews.kz