Абай облысыБизнесҚоғамТОП

Абай облысының кәсіпкерлері «Иннопром – 2023» Халықаралық көрмесіне қатысты

Абай облысы әкімнің бірінші орынбасары А.Кәрімов және облыстың бизнес-өкілдері қазақстандық делегация құрамында Екатеринбург қаласында өткен «Иннопром – 2023» Халықаралық көрмесіне қатысты, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Қазақстандық павильонның жалпы ауданы 900 шаршы метрді құрап, өнеркәсіптің түрлі салаларынан 250 жетекші отандық компания орналасты.

Абай облысынан «СемАЗ» ЖШС, «Интеллект-Сервис» ЖШС, «Казэлектромаш» ЖШС және «Боти» ЖК өндірушілерінің экспоненттері ұсынылды.

Сонымен қатар, облысымыздың кәсіпорындары арасында «Интеллект-Сервис» ЖШС ресейлік серіктестермен интерактивті панельдерді жеткізуге және «Медиус» ЖШҚ дилерлік қызметін ұсынуға меморандумдарға қол қойылды. Сондай-ақ, біздің кәсіпорын «Олжакөл» ЖШС «Калининград вагон құрастыру зауыты» АҚ-мен думпкар өндірісін бірлесіп ұйымдастыруға келісім жасасты.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button