ҚоғамСемейТОП

Бүгінгі таңда қала тұрғындары үшін қоғамдық көлік мәселесі өзекті болып отыр

Журналистермен өткен жұмыс кездесуінде қала әкімі Нұрымбет Сақтағанов жолаушылар тасымалы мәселесі қалай шешілетінін айтты, деп хабарлайды Semey News.

Фото: Анатолий Тернов

Әкімнің мәліметінше, “Semey Bus” ЖШС лизингтік төлемдер бойынша өз міндеттемелерін шамамен бір жарым жыл бойы орындамаған. Бұл мәселе бойынша сот талқылауы жүріп жатыр. Кәсіпорын қызметкерлеріне жалақы төлеу мәселесі де өзектіге айналды.

– Егер “Semey bus” ЖШС істі жеңсе, біз жұмысты жалғастырып, бірінші кезеңде қажетті ақша бөлінетін болады. Егер  өнеркәсіпті дамыту қоры өз пайдасына жеңсе, онда мүлікті осы кәсіпорынға беруге тура келеді. Тендер жарияланып, жеңімпаз болашақта жолаушылар тасымалымен айналысады. Жеңілдікті санаттағы жолақыны төлеу бойынша міндеттемелерді де орындайтын боламыз, – деді әкім.

Semey News

Осы айдарда

Back to top button