Абай облысыОқиғаТОП

Бородулиха ауданында суға батып бара жатқан балалар құтқарылды

2023 жылдың 17 шілде күні сағат 18:12-де «112» пультіне Бородулиха ауданында екі бала судан құтқарылды деген ақпарат келіп түсті.

Ақпарат жинау барысында 2014 және 2015 жылы туған балалар Веселовский тоғанында шомылу кезінде суға бата бастағаны анықталды, кейін оларды оқиға куәгері Бердюгин Сергей Михайлович құтқарып, 103 қызметкерлеріне тапсырды.

Дәрігерлердің тексеруінен кейін балалар Бородулиха орталық аудандық ауруханасына жатқызылды. Қазіргі уақытта балалардың жағдайы қанағаттанарлық.

Құрметті азаматтар сізден өзіңізге және жақындарыңызға өте мұқият болуыңызды, судағы қарапайым қауіпсіздік ережелерін есте сақтауыңызды сұраймыз:

– мас күйде шомылмаңыздар;

– балаларды ересектердің қарауынсыз қалдырмаңыздар;

– жалғыз шомылудан аулақ болыңыздар;

– шомылмаңыздар, тіпті бейтаныс су қоймаларында шомылмаңыздар (белгісіз тереңдік, тастар, ағаштар қауіптің көзі болуы мүмкін);

– шектеу белгілерінен, буйкалардан асып жүзбеңіздер;

– ауа төсеніштері мен автомобиль камераларында шомылмаңыздар;

– кемелерге жақындамаңыздар.

Егер сізге қауіп төніп тұрса немесе жазатайым оқиғаның куәгері болсаңыз, «112» нөміріне қоңырау шалыңыздар.

Абай облысы ТЖД баспасөз қызметі

Осы айдарда

Back to top button