Абай облысыТОП

Жарма ауданында «Ауыл – Ел бесігі» жобасы екі елді мекенді қамтыды

 «Ауыл – Ел бесігі» – ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту, ауылдарды тұрақты дамыту мақсатында табысты жұмыс жасап келе жатқан жоба. Қазіргі таңда Жарма ауданында осы жоба аясында Бірлік және Шалабай ауылдарында бірқатар жұмыстар жүргізілді. Атап айтқанда, жобаға енгізілген Бірлік ауылындағы ұзындығы 1 шақырым Ғайнуллин көшесінің жолын орташа жөндеу жұмыстары толық аяқталды. Шалабай ауылындағы ұзындығы 1,5 шақырым Шекембай көшесінің жолын орташа жөндеу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Сондай-ақ, Жарма ауданының «Қаражал – Бірлік» ауылдарына кіреберіс аудандық маңызы бар 9,4 шақырым автомобиль жолын орташа жөндеу бойынша конкурстың нәтижесіне сәйкес мердігер «Нұрлы жол-KZ» ЖШС-мен келісім-шарт жасалып, бірер күнен кейін жол жөндеу жұмыстары басталады.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button