ШҚОПроисшествияТОП

ШҚО-да мас жүргізуші жол-көлік оқиғасына ұшырады

Өскеменде мас жүргізуші жол-көлік оқиғасына ұшырады, деп хабарлайды Semey News.

ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін, 21 мамырда таңғы 06 сағат 20 минутта 35 жастағы ер адам масаң күйде «ВАЗ» маркалы автокөлікті жүргізіп, көлікті басқара алмай, машинаның аударылуына жол берген. Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккендер жоқ. 35 жастағы жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚК 608-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды, материалдары Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жолданды.

Semey News.

 

Осы айдарда

Back to top button