Абай облысыТОП

Абай облысының әкімі Бородулиха ауданында азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдады

Облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев жоспарланған халықпен есептік кездесуден кейін азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдап, сауалдарына жауап берді.

Аймақ басшысының қабылдауына 10 тұрғын жазылды. Жеке кездесу барысында аудан азаматтары жергілікті халық үшін маңызды жолдарды жөндеу, ауызсумен қамту, сапалы ұялы байланыс пен интернетті қамтамасыз ету, қолжетімді баспана салу, медициналық қызмет көрсетудің сапасын арттыру, көшелерді жарықтандыру туралы мәселелерді көтерді.

Жеке қабылдауға жазылған тұрғындардың сауалдары мен өтініш-тілектерін тыңдаған аймақ басшысы Нұрлан Ұранхаев оларды шешу жолдарын қарастырып, бірден жеке қабылдау барысында қатысқан жауапты басқарма басшыларына тиісті тапсырмалар берді.

Базынасын айтып келген бұқараға облыс әкімі айтылған барлық мәселені жеке бақылауына алатынын және келесі кездесу барысында солардың орындалуы жайлы ақпарат беретінін жеткізді.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button