ҚазақстанТОП

Өрт сөндірушілер Ертіс орманындағы өртті сөндіруде

15 шілдеде Шарбақты ауданының Степное және Бауыртал орманшылықтарында орманда өрт шығып, қатты түтін байқалды.

ТЖ министрі мен облыс әкімі аумақты әуеден барлады. 98 орамдағы өрт ерекше бақылауда, онда өрт белсенді түрде жанып жатыр.

«Ертіс орманы» резерватының ақпаратына сәйкес әуеден барлау нәтижесінде өрттің алдын ала ауданы 850 гектрады құрады.

Оқиға орнында 100-ден астам бірлік техника мен 300-ден астам адам, оның ішінде 5 тікұшақ өртті сөндіруде. Бір тәулік ішінде өрт ошақтарына әуеден 22 рет жалпы көлемі 66 текше метр су төгілді.

Өртті сөндіруге Астана қаласы, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстары ТЖД күштері мен құралдары жұмылдырылды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button