ҚоғамСемейСпортТОП

Семейде “Баршаға арналған спорт” маусымының ашылу салтанаты өтті

Семейде Ертіс өзенінің оң жағалауында тұрғындар арасында ашық ауада “Баршаға арналған спорт” спорттық-бұқаралық іс-шарасы жобасының салтанатты ашылуы өтті, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Оған қала әкімінің орынбасары Ж. Мұқатаев пен дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысы Бауыржан Дюсенбаев қатысты.

Шара барысында “Yoga”, Crossfit”, “Zumba”,жүгіру, скандиаваниялық серуендеу сияқты спорт түрлері бойынша презентация өткізілді.

Маусымның ашылуына 200-ден астам қала тұрғындары, оның ішінде балалар, аға буын және қала жастары қатысты.

Белсенді қатысушылар арасында”INVIСTUS” спорт клубының жаттығуларына тегін қатысу үшін сертификаттар ұтыс ойыны өткізілді.

“Қала тұрғындары мен қонақтарын ашық жаттығуларға белсенді қатысуға шақырамыз. Ашық жаттығулар кестесі қала әкімдігі мен дене шынықтыру және спорт бөлімінің әлеуметтік желілерінде жарияланғанын еске саламыз”.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button