Абай облысыҚоғамМәдениетСемейТОП

Абай облысының БАҚ өкілдерін марапаттау рәсімі өтті

Кеше, 5 шелдеде Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев БАҚ өкілдерімен кездесіп, қоғамды топтастыру мен саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге қосқан ерекше үлестері үшін өз алғысын білдірді, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

«Бүгін сіздермен кездескеніме шын жүректен қуаныштымын. Сіздер мемлекетіміздің және жаңадан құрылған Абай өңірінің одан әрі дамуына зор үлес қосып келесіздер. Алдағы уақытта да өңірдің дамуын, жаңа жобалар мен бастамалардың жүзеге асуын жедел түрде жариялап, облыс тұрғындарының тыныс-тіршілігін баяндап, әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуге өз үлестеріңізді қосатындарыңызға сенімдімін», – деді Нұрлан Ұранхаев.

Облыс әкімі облыс журналистеріне, сала ардагерлеріне алғыс хат, диплом, сондай-ақ ақшалай сыйлықтар табыс етті.

Атап айтқанда, «Ақпарат саласының үздігі» сыйлығымен «Вести Семей» газетінің редакторы Шынар Рысакова мен «Қазақстан» РТРК АҚ Абай облыстық филиалының директоры Хасен Молдабаев марапатталды.

Сондай-ақ, басылым мамандары 11 түрлі номинация бойынша марапатталды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button