Абай облысыБілімҚоғамҚұрылысСемейТОП

Семейде М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледж жанынан жаңа ғимараттың құрылысы басталды

Биыл Қазақстандағы тұңғыш оқу орны Мұхтар Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің құрылғанына 120 жыл толып отыр. Мерейтой қарсаңында бүгін облыс әкімінің бастамасымен оқу орнының жанынан жаңа ғимараттың құрылысы басталды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Шараға облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев, Абай облысы мәслихат төрағасы, ардагер ұстаз, оқу орнының түлегі, еңбек ардагері Райхан Каштеков қатысты.

«Бүгін Алаштың тұңғыш білім ордасында айрықша күн. Көптен күткен арманымыздың орындалғанына қуаныштымыз. Облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев бастамасымен үлкен шара өз бастауын алды. Бұл Алаштың қайталанбас тұлғаларына деген қамқорлық. Сізге алғысымыз шексіз», – деді колледж директоры Шағангүл Жанаева.

Ғимараттың салынуы Қазақстандағы тұңғыш педагогикалық оқу орны – Мұхтар Омарханұлы Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің 120 жылдық мерейтойына арналған ерекше тарту болды.

«Осы білім ордасында 45 жыл қызмет істедім. Жаңадан концерттік зал салынайын деп отыр. Бұл біздің сонау кезден бастап армандап келген дүниеміз болатын. Дегенмен де, келешек студенттер осындай үлкен концерттік залда оқып, өздерінінің білімдерін ары қарай ұштастырса, еліміздің ұлағатты ұстаздары дәл осы жерден шығатынына кәміл сенемін», – деді ардагер ұстаз Райхан Каштеков.

Шара барысында аймақ басшысы Нұрлан Ұранхаев құрылыс барысын тексеріп, тиісті тапсырмалар берді.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button